Жарнама
ЖаңалықтарБілімСаясат

Атырауда «OTANLife» жобасы іске қосылды

«Жоба — оқушы, студент, мұғалім, ата-аналардың барлығына арналған деп» хабарлайды Atr.kz

«OTANLife»  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған жоба», деп нақтылады Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Қосымша білім беру, тәрбие жұмысы, өзін-өзі тану және бала құқығын қорғау бөлімінің басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, «OTANLife» — 2021 жылы Атырау облысының білім беру ұйымдарында іске асатын жобалардың негізгісі.

«Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді құрметтеу  сезімдерін қалыптастыру. Жобаға барлық білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары мен колледж студенттері, педагогтар және ата-аналар қатыса алады. Жоба толыққанды іске асу үшін жауапты комиссия құрамы тағайындалуы шарт. Комиссия құрамына жоба жетекшісі, ата-аналар қоғамдық кеңесі, Аналар мектебі, Әкелер қоғамдық кеңесі, ұлдар, қыздар ұйымы, «Адал ұрпақ», әскери-патриоттық, еріктілер клубтары, «Жас Ұлан» ББЖҰ, «Мектеп инспекторының жас көмекшілері» ұйымы, т.б. мүдделі ұйымдар мен тұлғалар кіреді», — деді бөлім басшысы.

Айта кетелік, аталмыш жобада онлайн-дәрістер, сынып сағаттары, дебаттар, кітаптар бейнеблогы, мұражайларға саяхат, жас ғалымдармен кездесу, сурет шеберханасы, жас айтыскер сайысы, ерекше білімге қажеттілігі бар балалар арналған іс-шаралар, әскери-патриоттық клубтар арасында сайыстар, оқушылар арасында эссе конкурсы және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button