Атырауда Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті

879b36af 5465 44d0 a047 3ea8e1ed9fdc Жаңалықтар

Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев құттықтап, еліміздегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосып жүрген жандарға жылы лебізін арнады.

941976a2 84ae 4716 9c03 cbe6d401d0f9

 –  Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде ұлттық армиямыз түрлі даму сатыларынан өтіп, жылдан жылға қуаты артып келеді.  Айбынды армиямыз – тұғырлы Тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің берік қорғаны болып табылады, – деді Марат Бисенғалиұлы.

e0e6f567 94e3 40b8 b168 de9bcb9e945f

Салтанатты жиында  қызметте алдыңғы қатардан көрінген сала қызметкерлері марапатталды.

Рита Өтеуғали

Суреттерді түсірген Әнуар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз