Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда орын алған жол апатын прокурор тікелей бақылауына алды

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл. Прокурор Атыраудағы атышулы жол апатын тергеуді өз бақылауына алды.

 Атырауда сенбі күні таңғы сағат 09:30-да Баймұханов көшесінде жол апаты болып, жаяу жүргінші қаза тапты. «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы колледж студентін қағып кетті. Жігіт оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

 «Қазіргі уақытта тергеу органы бірқатар сот сараптамасын жүргізіп жатыр. Прокуратура қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша тапсырма берді. Тергеуді облыс прокуроры жіті бақылауға алды», — деп хабарлады Атырау облыстық прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button