Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда өртке оранған үйден 60 адам құтқарылды

Бүгін 20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атырау қаласы «Вокзал маңы» 5-ші шағынауданы аумағында орналасқан көпқабатты үйден өрт шығып жатқанын байқап, дереу тұрғындарға көмектесуге әрекет еткен. Полицейлер 10 минуттың ішінде көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялап үлгерді.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

-Тілсіз жау кезінде қырағылықпен әрекет еткен полицейлер құлыпталып қалған 2 қарияның пәтерінің есігін бұзып кіріп, оларды да қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ, — дейді аталған департаменттің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button