Атырауда өртенген пәтерден 6 адам құтқарылды
Өрт сөндірушілер өрт кезінде 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.
24 қаңтарда сағат Атырау қаласы № 18 мекен-жайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатынан өрт шыққаны жатырғаны жөнінде шақырту түскен.
Өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде, 2-қабаттағы пәтердің 30 шаршы метр аумақта ашық отпен жанып жатқаны анықталды.
«Атырау облысы ТЖД өрт сөндірушілері автосатырдың көмегімен және баспалдақ арқылы 5 қабаттан жедел түрде 6 адамды оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт салдарынан 1969 ж.т пәтер иесі азаматша К.Б. және 1964 ж. т. азаматша К.Ж. күйік алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. (дене күйіктері нақтылануда). Өрт сағат 17:44-те жойылды» — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер өртті жедел ауыздықтап, көрші пәтерлерге өрттің таралуына жол бермеді.