Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда оқушылардың күзгі демалысы кезінде қосымша оқу онкүндігі өтті

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанынан құрылған «Ұстаз» мектебі және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы бірігіп, қала, аудандардағы 5-6 сынып оқушылары үшін қосымша оқу онкүндігін ұйымдастырды – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ұстаз» мектебінің базасында 61 бала білімін шыңдады.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова оқушылармен кездесіп, оларды әркез ізденімпаз болуға шақырды. Сондай-ақ, «Ұстаз» мектебінің білім берудегі басты мақсатына тоқталып өтті.

  • Елімізде тұңғыш рет, облыс әкімдігінің қолдауымен ер балаларды дайындайтын «Ұстаз» мектебі жұмыс істеуде. Бұл мектепте 100-ден аса бала білім алып жатыр. Балаларға университеттің қолдауы көп. Өйткені, 9 бітірген оқушылар «Ұстаз» мектебіне 10-шы, 11-ші сыныпқа қабылданып, педагогикалық бағытта білім алады және «Зерделі» орталығының ерекше методикасымен ҰБТ-ға дайындалады – деді, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
    Атап өту керек, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің жоғары санатты мұғалімдері ауыл балаларына тегін дәріс беріп, «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына дайындады. Күзгі демалыстарын тиімді өткізген оқушыларға «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы атынан диплом, сертификаттар табысталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button