
Жаңалықтар
Атырауда оқушылар «мектепте маньяк жүр» деп дабыл қақты! (+ВИДЕО)
«Мектепте маньяк жүр!» деп, 10 желтоқсанда терезеден мектептің ауласында қолына тақтай сияқты бірдеңе ұстаған, есі дұрыс емес жартылай жалаңаш жүрген ер адамды көрген Доссордағы С.Шарипов атындағы мектеп-интернаттың оқушылары шулады.
Бұл туралы «Ақ Жайық» мәлім етті. Оған дейін 36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кеткені туралы полиция хабарлаған болатын.
– Полиция қызметкерлерін көріп, мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген оны сол жерде ұстап алған, – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінде. Аталған азаматтың екінші топтағы мүгедек екендігі анықталды, бірақ мас болды ма әлде психикалық ауытқушылық орын алды ма, нақты айтылған жоқ.