Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда өндірістік мақсатта балық аулау үлесі 757 тоннаға артты

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. Өткен  жылдың осы кезеңінде барлығы 6 555 тонна балық ауланған болса, осы жылдың қазіргі кезеңіне дейін балықшылар7 312 тонна балық аулаған. Сәйкесінше, кәсіпшілік балық аулау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 757 тоннаға өскен. 

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, бүгінде  ауланған балықтың 6500 тоннасы өңделіп, 5900-ден астамы шет елдерге экспортталған.

— Осы маусымда бекіре тұқымдас балық қорын сақтау және көбейту мақсатында  Жайық өзенінен 329 дана бекіре балығы ауланған.  «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мен «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» 7,5 млн-нан астам бекіре тұқымдас шабақтарын өсімге жіберді, — деп түсіндірді Артур Сәдібекұлы.

Сондай-ақ, басқарма басшысы тоғанды балық өсіру мәселесіне де тоқталып өтті.

— Соңғы талаптарға сәйкес облыс көлемінде тоғанды балық өсіру мәселесіне көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта тауарлы бекіре және тұқы тұқымдас балық түрлерін өсіру жұмыстары басталмақ, — деді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Айта кетейік, бүгінде өңірде балық аулаумен 18 балық шаруашылығы кәсіпорындары айналысады. Онда 4 121 адам қызмет етеді.

img 20201021 wa0017
img 20201021 wa0026

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button