Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда «Офицердің анасы» медалі табысталды

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шарада полицейлердің аналарына «Офицердің анасы» медальдарын табыстады.

Өңірдің бас полицейі салтанатты рәсімде тәртіп сақшыларының аналарын мерекемен құттықтап: «Көктемнің шуақты мейрамы, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Осы мерекемен тұспа-тұс келген осы марапаттарыңыз құтты болсын. Осындай білікті де, білімді офирцер ұлдар тәрбиелеп өсіргендеріңіз үшін Сіздерге мыңда бір алғыс. Алып та, ақын да анадан туады, сондықтан аналардың еңбегі өлшеусіз. Келе жатқан мерекелеріңіз тағы да құтты болсын»,- деп жылы лебізін білдірді.
Марапат ұл-қыздары полиция қатарындағы қызметінде жақсы нәтижемен көзге түскен тәртіп сақшыларының аналарына беріледі. Медальда анасына гүл сыйлап тұрған офицер және «Офицердің анасы» деген жазу бейнеленген.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button