Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда облысында 8 наурызға арналған мерекелік іс-шара өтпейді

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Атырауда облысында 8 наурыз –халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілмейтін болды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Faceebok-тегі парақшасында жазды.

«Құрметті жерлестер! Коронавирус инфекциясы қазіргі кезде әлемнің көптеген еліне тарады. Барлық  мемлекеттер қауіпті вирусқа қатысты алдын алу іс-шараларын күн сайын күшейтіп жатыр. Елімізде аталған инфекция тіркелген жоқ. Алайда, «сақтықта қорлық жоқ» деген ұғымды ұстанған халықпыз.

Сондықтан, Қазақстанда да республикалық деңгейде сақтық күшейтілді. Біз де қауіпсіздік мақсатымен облысымызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешімге келдік. Сіздердің бұған түсіністікпен қарайтындарыңызға сенемін» деп жазды әкім өз парақшасында.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-e%d2%a3-al%d2%93ash-ret-respublikaly%d2%9b-%d3%99debi-m%d3%99deni-tanymdy%d2%9b-mahambet-zhurnaly-o%d2%9byrman%d2%93a-zhol-tartty/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button