ЖЕҢІМПАЗ ЖАНҰЯ Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды

img 20220614 wa0109 Қоғам

Әлемді гаджет билеп, сананы тұрмыс төстеген заманда алысымыз жақындап, жақынымыз алыстағаны жасырын емес…

Ата-аналардың басым көпшілігі баланың қолына смартфон беріп тыныштандырып, уақтын ғаламтордың торында өткізуге жол береді. Жұмыстан шаршап келген әке баламен, ана қызымен бірге уақыт өткізу сәті күнде туа бермейді. Елiмiздегi ата-аналар  қоғамдастығы арқылы коғамда саналы ата-ана мәдениетiн калыптастыруды басты мақсат еткен «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар Қоғамдық бiрлестiгi  осы орайда көптеген игі бастамалар көтеріп жүр.

Бірлестік 2021 жылдың тамызында өз жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Бүгiнге дейiн бiрлестiк елiмiздiң 10 қаласында «Ата-ана – ұлттың ұясы» және «Ата-ана-ұстаз-окушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты аймақтық ата аналар форумын өткізді. Қазіргі таңда бiрлестiктiң 12 облыс орталықтарында филиалдары бар. Атырау облыстық филиалының жұмысын 2022 жылдың наурыз айынан бастап Гульфия Жардемова басшылық етіп, жұмысын жүргізіп келеді. 

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Балалар жылы аясында Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «FAMILY STEAM CHALLENGE 2022» республикалық отбасылық сайысы өткізілді. 6 мамырда бастау алған сайысқа еліміз бойынша 444 қатысушы, ал, Атырау облысы бойынша 15 қатысушы бақ сынады. Аталмыш шараның басты мақсаты балалардың жаратылыстану және техника ғылымдарына қызығушылығын арттырып, ата-ана мен бала арасын нығайтып, гаджеттен алыстату. 9 бен 13 жас аралығындағы балалар ата-анасымен бірлесіп үй жағдайында гидрабикалық кранды жасап шығару арқылы сынға түсті. Сайыстың  І іріктеу кезеңінен облыстан жеңімпаз атанып, ақтық кезеңге жолдама алған Жұмабаевтар отбасы ата-анасы Ербол Құсайнов пен Меруерт Оташева және қызы Әдемі Жұмабай. Жеңімпаз жанұя 18 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін сайыстың ІІ турына қатысуға жолдама және жүз мың сыйақыны қанжығаға байлады.

Шараға Ертай Асқарұлы «Елсана» руханият клубы Аманат Әкелер алаңының жетекшісі, Атырау облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның Бас инспекторы Замзагуль Хиданқызы, ұйымдастырушы Майра Кожракова  қатысты. Сонымен қатар, Ертай Асқарұлының «Бейсен және болмыс» атты кітабы талқыланды. 

Жайна Мәлімқожа

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз