Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда облыстық аурухананың медбикесі коронавирустан жазылды

Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл. Инфекциялық стационардан медбикемен қоса, 18 жасар жігітте айығып шықты, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Бүгін, 23 сәуір күні  Атырау облысында коронавирустан тағы екі адам жазылды.  Аурудан айыққандардың бірі, облыстық аурухананың 37 жастағы медбикесі және 18 жастағы жергілікті тұрғын.  Екеуіне жасалған ем-шарадан соң, тест  нәтижесі Covid-19 жоқ екенін көрсетіп, олар инфекциялық стационардан шығарылды.

23 сәуір сағат 13.00-де келтірілген мәліметтерге сәйкес, инфекциялық стационарда — коронавирус жұқтырған 51 науқас,  провизорлық стационарда — ЖРВИбелгілері бар 16 адам, карантиндік стационарда — 103 жергілікті тұрғын бар. Ал, 2843 адам үй карантинінде жатыр.

http://atr.kz/bez-rubriki/эksklюziv-olar-1-qazanga-dejin-mindetti-aleumettik-medicinalyq-saqtandyru-toleminen-bosatylady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button