Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда «Нұрсаядағы» үйлерге түскен ұрылар ұсталды

Atr.kz/5 ақпан, 2020 жыл. Атырауда «Нұрсая» ықшамауданындағы көпқабатты үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұрылардың ұсталғанын хабарлады.

Жәбірленуші «102»-ге хабарласқаннан кейін қарақшыларды ізін суытпай құрықтады. Олар 1992 және 1987 жылдары туылған Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған екеуі енді ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

https://youtu.be/JLF6w-IcBf8

Айта кетейік, бейнероликтен әйел есікті аша бергенде баспалдақтан әлдебір еркек түсіп, үй иесінің қарсылығына қарамастан, артынан пәтерге кіргенін көруге болады. Қаскүнемге әйелді аңдып келген сыбайласы көмектеседі.

Қас-қағым сәттен кейін қарақшыларды пәтерден ер адам итеріп шығарады, оған бала-шағасы көмектеседі, жанжал басталады. Қылмыскерлердің бірі дереу бой тасалаған, екіншісі әрең дегенде қашып құтылады. Видеодағы датаға қарағанда, оқиға кеше, 3 ақпан күні сағат 18:46-да болған.

«Тонауға әрекеттену фактісі тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деп видеоға түсініктеме берді «Атырау облысы әкімдігінің» Telegram чат-каналында оblystyk jergilikti polizya өкілі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/on-bes-tiynny%d2%a3-o%d2%9bi%d2%93asy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button