«Қан тапсырған адам ауырмайды»

Безимени 4 Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы үшін қан қызметінің маңызы зор. Әсіресе, трансфузиологиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бірінші кезекте келеді. Елбасының тапсырмасымен қан қызметін 2008-2010 жылдары дамытуға арналған салалық бағдарламасы қабылданып, соның шеңберінде еліміздің әр өңірінде жаңа үлгіде жабдықталған қан орталықтары бой көтерген еді.

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d0%b8%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%b8-4

Осы орайда Атырау облысындағы қан орталығының директоры Жәңгірхан Бахоновпен әңгімелесіп, орталықтың бүгінгі тынысы жайында сұрап, білген едік.

Жәңгірхан Кенжетайұлы, Елбасы тапсырмасымен қолға алынған бағдарлама аясында еліміздің қан орталықтары қандай жаңашылдықтарға ие болды? Кешегі мен бүгінгі қызметті салыстырмалы түрде айтып берсеңіз.

– Қан қызметін толықтай дамыту, оны техникалық тұрғыда жаңғыртумен шектелмейді. Тіпті, ең жоғары санаттағы құрал-жабдықтардың өзі сауатты бас-қару жүйесі мен жоғары дәрежелі мамандар болмаған жағдайда, тез істен шығатыны белгілі. Осыған байланысты біздің алдымызға қойылған мақсаттардың бірі – мықты кадрларды дайындау, шақыру екендігіне тоқтала кетейін.

Өңіріміздегі қан орталығының қызметі 1972 жылдан бастау алады. Алғашында облыстық аурухана жанынан бөлімше болып ашылған.  Бұл жылдары жағдайы ауыр науқастарға жоғарғы  белокты қан компоненттері мен плазмалар, қаны аз ауруларға эритроцит массасы дайындалып шығарылды. 1975 жылдары   адамның қан тобын айыру үшін,  гемагглютинациялық көпірік (сыворотка) енгізілді. 1979 жылдары адам қанының резус-факторын анықтау үшін, антирезустық көпірік дайындалды. 1987 жылдары онкологиялық науқастар  үшін лейкоцит массасы және тромбоциті аз және қансырап жатқан науқастарға тромбоцит концентраты дайындалды. Сол жылдары  қанның ұюы нашар науқастарға және гемофилиямен ауыратын науқастар үшін, жаңа плазмамен мұздатылған – қанның cегізінші факторы шығарылды.

Еліміз тәуелсіздік алған тұста орталықтың жұмысы бір ізге түсіп қалған еді. Плазмаферез  әдісі арқылы  донорлардан плазма алу  қызметі қолға алынып, осыған байланысты мұздатылған және жаңа мұздатылған плазмалар дайындалды. 1992 жылдары жұқпалы  ауруларға және онкологиялық науқастарға жуылған эритроциттер құю қолға алынды. 1994 жылы бұрынғы  облыстық қан құю стансалары қан орталықтары болып атауын өзгертіп, қайта құрылды. 2008 жылы қазіргі заман талабына сай ғимарат салынды. Атырау облыстық қан орталығы бүгінде IV санаттағы кәсіпорын болып табылады.

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d0%b8%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%b8-3

–  Халықтың саулығын жақсартуда орталықтың қосып отырған үлесін нақты дәйектермен келтірсеңіз.

–  Өңірде қан орталығы, жеті аудандық және облыс орталығында тоғыз қан құю кабинеті жабдықталған. Орталықта донорларды жабдықтау, қан және қан компоненттерін дайындау, клиникалық лаборатория секілді бөлімдермен қоса жылжымалы жағдайда қан жинауға арналған бригада жұмыс жасайды.

Мәселен, ағымдағы жылы  6212   адам донор қатарына тартылса,  оның  85 пайызы қан тапсырды. Тоғыз айда   жиырма тоғыз мың литр қан дайындалды. Толықтай карантинделген  плазма,  емдеу-сауықтыру  мекемелеріне берілді. Жинақталған қан арқылы тарайтын әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында екі сатылы тексеруден өтеді.

–  Облыс бойынша қан тапсырып, белсенді донор болу көрсеткіші қандай деңгейде?

– Көрсеткіш жақсарып келеді. Дегенмен, бірінші кезекте донор болған адамның қан құрамы міндетті түрде тексеріледі. ВИЧ 1, 2, мерез, гепатит «В», гепатит «С» сынды ауруларға зерттеу жүргізеді. Қан құрамы таза екендігі белгілі болғанда емдеу-сауықтыру мекемелерінің сұраныстары бойынша жіберіледі. Жалпылай алғанда, үстіміздегі жылы 8000 донордан 3200 литр қан мөлшері дайындалды.

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d0%b8%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%b8-1

– Маман ретінде мына бір сөздің мәнін нақтылай түссек.  Ел ішінде жиі айтылатын «Тұрақты қан тапсыру адам өмірін ұзартады» деген әңгіме қаншалықты рас?

– Донор болу денсаулық үшін пайдалы. Бұл фактіні кезекті рет ғалымдар 43 пен 61 жас аралығындағы 2,5 мың адамға жүргізілген зерттеуден кейін дәлелдеді. Мамандар қан тапсыру иммунитетті күшейтіп, қан жасушаларының регенерация жылдамдығын арттырып, ағзаның инфекцияларға деген қарсылығын күшейтеді деген шешімге келген. Сонымен бірге, донорлардың жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт, миокард инфаркті сияқты дерттерге шалдығу қаупі төмен.

Сарапшылар донорлық кезеңде қанның өздігінен тазаратындығын айтады. Ал, бұл – жүрек-қан тамырлары аурулары, асқазан мен ішек, иммундық жүйенің, бауыр дерттерінің алдын алуда таптырмас әдіс.

Жүйелі түрде қан тапсырған адам, барлық уақытта медициналық тексеруден тегін, ақысыз өтеді. Егер денсаулығынан кінәрат табылса, сол жерде анықталып, емі ұсынылады.

Сондай-ақ, денедегі аса пайдалы емес темір санын бақылауға ықпал етеді. Қаны жиі жаңартылған донорда иммундық жүйе, бауыр, ас қорыту жүйесі, қарын асты безі тұрақты және ырғақты жұмыс істейді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Нұргүл Ысмағұлова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз