Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда нан бағасы өсті

Нан бағасының өсуіне оның құрамындағы қоспалардың қымбаттауы әсер етіп отыр.

Өйткені, өсімдік майы, қант, ашытқы, жұмыртқаның бағасы күн санап өсіп барады. Атырау қалалық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөліміндегі мамандардың айтуынша, нанның қымбаттауы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да көтеріле беретінге ұқсайды. Екіншіден, бізде ғана емес, бүкіл əлемде ұн қымбаттап отыр. Сондықтан министрліктен біздің өңірге бөлінетін бидай бағасы да өседі деген сөз.

«Атыраудан министрлікке 20 мың тоннадай бидайға сұраныс берілген. Енді оның бағасы бекітілген соң, аймаққа жеткізіледі. Кейін наубайханаларға арзанға берілетін болады. Ал, нан бағасы министрлік жəне арнайы комиссияшешімімен бекітіледі. Болжам бойынша аздаған өсім күтіледі» дейді аталған бөлімдегі мамандар.

Қолымыздағы мəліметке сүйенсек, қазір қалада 450 тонна шамасында ұн бар. Бірақ, бұл тек ақпан айына дейін жетеді. Соған байланысты, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button