Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...Құқық

Атырауда мыңға жуық кәсіпкер карантин режимін бұзған

Атырауда шектеу шараларын қайталап бұзатындар азаймай тұр.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу шараларын бұзғандардың арасында ойын-сауық орындары, сұлулық салондары мен монша, дүкен секілді кәсіпкерлік нысандары бар.

«Мобильдік топ құрамымен рейд кезінде карантин режимін бұзған бірнеше дерек анықталып отыр. Атап айтқанда, Студенттер даңғылында орналасақан «Лифт» мейрамханасы, Авангард-4 шағын ауданындағы «Эсперанзо» кафесі, Вокзал маңы шағынауданында «Донер» дүңгіршегі, Водник елді мекенінде «Бегіс» азық-түлік дүкені, М.Горький көшесінде «Рыба моей мечты» караоке клубы, С.Датов көшесінде «Атамекен» моншасы белгіленген уақыттан кейін жұмысын жалғастырып, талапты бұзған.

Анықталған кәсіпкерлік нысандардың ішінде бұған дейін карантин режимін бұзып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, қайталап құқық бұзғандар бар. Мәселен, «Лифт мейрамханасы 3, «Рыба моей мечты» караоке клубы 7-ші рет карантин талабын бұзып, сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеген», — деп хабарлады депатраменттің баспасөз қызметінен.

Шілде айынан бері Атырау қаласында карантин тәртібін бұзған 1 мыңға жуық кәсіпорын иелеріне 75 млн теңге айыппұл салынып отыр. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button