Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды

«Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өңір өзендеріндегі мұздың еруі және сең жүру қаупінің алдын алуға қатысты арнайы жиын өтті», — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


Құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен бейнеконференция режимінде өткен жиынға Атырау қаласы және аудандар әкімдері де қатысты. 


Кеңес отырысында ауа-райының тұрақсыздығына байланысты өзендер мен каналдарда мұз үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды. Ескерту, түсіндіру және бақылау шаралары күшейтілуі тиіс.

Атап айтқанда, облыстық Полиция департаменті, Атырау қаласы және аудан әкімдері және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жаяу патрульдік кезекшіліктер ұйымдастырып, балықшыларды мұз үстінен өткізбеу мен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуі керек.


Адам өмірін қорғау және аталған оқиғалардың алдын алу мақсатында шұғыл түрде тұрғындарға мұз бетіне шығудан бас тарту қажеттігі жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, облыстағы өзендер мен каналдар бойындағы жағалаудан мұзға түсетін жерлері бекітіліп, турникеттерге ескерту плакаттары ілінуі қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button