
Жаңалықтар
Атырауда мұз ойылып, суға түсіп кеткен екі адамның біреуі құтқарылды
5 қаңтар күні Атырау қаласы Жайық өзенінің үстінде 2 ер азамат мұз ойылып, суға түсіп кеткен.
«Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен және Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері суға кеткен екі адамның біреуін құтқарып, облыстық ауруханаға жеткізді. Қазір екінші адамды іздестіру жалғасып жатыр. Олардың балық аулау кезінде мұз ойылып, суға түсіп кеткендігі анықталып отыр», — дейді Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 8 құтқарушысы, 2 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.