479197 1487726380

Атырауда мұқтаж отбасыларға тегін азық таратылды

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Қазірде қоғамда қалыптасқан күрделі кезеңде қиналған жандарға қолұшын созып, қайырымдылық жасау үрдісі үзілмей, жүйелі жалғасын табуда.

Бұған облыстағы қоғамдық ұйымдар да өзіндік үлесін қосуда. Осылайша, «Елсана» руханият клубының жетекшісі Нұржан Ермұханов пен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің басшысы Андрей Кораблев әріптестерімен бірге Атырау қаласындағы көмекке мұқтаж, күнелтіс жағдайы төмен 14 отбасына бірінші кезекте керекті азық-түлік түрлеріне жеткізіп берді.

­­- Әрине, бүгінгі күні біз секілді әлеуметтік осал топқа жататын жандар үшін бір ауыз жылы сөздің өзі де үлкен қолдау. Оның қасында, мынадай азаматтардың қажетімізді үйімізге дейін әкеліп беріп жатқанына тіптен де разымыз. Осындай кезде бірімізге біріміз жәрдемдесіп, жанымыздан табыла білсек, қандай қиындықты да жеңіп шығарымызға сенімдімін. Арамызда осындай жандар барда бәрін де еңсереріміз сөзсіз, – дейді Талғат Хами есімді қос жанарынан айырылған жас жігіт.

Айтпақшы, азық-түлік тағамдарынан бөлек, бұл жолы жалдамалы пәтерде тұратын кейбір отбасыларының жалдау ақысын төлеу жөнінде де көмек көрсетілді.    

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған