Атырауда 400 метр жасанды жол кедергісі орнатылды (+ВИДЕО, ФОТО)

129889300 1255438038172010 5763539939956643454 o Жаңалықтар

Атырау ауылдарындағы апат қаупі жоғары жолдарға жасанды жол кедергілері орнатылды.

https://youtu.be/XEBbX2KU6TE

Қала жолдарына биыл 400 метр жасанды жол кедергісі орнатылды. Әлеуметтік нысандар мен балалар ойын алаңдарының маңындағы көлік жылдамдығын шектеу арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алуға жағдай жасалып отыр.

ТКШ ЖК АЖ бөлімінің бас маманы Мұхтар Сағындықов жол инфрақұрылымына қатысты жұмыстар азаматтардың өтініштеріне сай жүргізілгенін айтады. Дамбы селосындағы Р.Мырзағалиев көшесі мен Ф.Оңғарсынова мектептерінің алдындағы жасанды жол кедергісі ауыл тұрғындарының қала әкімі Қайрат Оразбаевқа жазған өтініші негізінде орнатылған. Мұндай кедергілер Береке ы\а 33 үй ауласында пайда болса, Жұлдыз ы\а да тұрғындардың сұрауы бойынша салынды.

Қалада жол белгілерін орнату бойынша жоспарлы жұмыс жасалған. Биылға бөлінген 300 белгінің 53-і Атырау-Еркінқала жолы бойында орнатылды. Өзгелері жол белгілері ескерту мақсатында «Сергек» кешенді жүйесі орналасқан жерлерге қойылған. Бұған қоса биыл қалада жаңартылған 35мың м2 жолтаңбалардың – 13 мыңы термопластиктен дайындалған.

Қазір Атырау қаласындағы 10357 жол белгісін күтіп ұстау жұмыстарын «Монтажстройсервис» ЖК жүргізуде.

«Атырау қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз