Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Мұнайшы» стадионының футбол алаңы қашан жаңартылатыны белгілі болды

Аtr.kz/7 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі спорт нысанындағы жұмыстардың барысын инспекциялап, мердігер ұйымның өкілдермен сөйлесті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі кезде табиғи жабынды жасанды жабынмен алмастыру жұмыстары аяқтала келді. «Мұнайшы» стадионында соңғы үлгідегі газон төсеу ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, қазір жұмыстар 80% көлемде атқарылды.

Жобаның бас спонсоры — «GAZ stroy montazh KZ» ЖШС, қажетті техниканы «Атырауинжстрой» ЖШС берді.   

Атырау облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының ақпараты бойынша, жерді тегістеу кезінде қандай да болмасын сызаттар мен қиғаштықтарды болдырмау мақсатында, жобаның алғашқы кезеңінде геологиялық және геодезиялық жұмыстар жүргізілді.

IMG 20190507 WA0028

— Футбол алаңының астындағы дренаждық табанды жасау үшін қалыңдығы 30 см нығыздалған балласт, қалыңдығы 20 сантиметрлік 5-20 фракциясындағы нығыздалған қиыршық тас төгіледі және нығыздалған жағдайда 10 сантиметрлік елем жасалады. Содан соң, алаңға Taishan компаниясының жасанды газоны төселеді, оған 18 кг кварц құмы және 10 кг SBR резенке түйіршігі төгіледі,-деп баяндады «GAZ stroy montazh KZ» ЖШС-нің бас директоры Мұхтар Бақыт.

-Алаңның аумағы 5 метрге ұлғайтылды, сөйтіп, ол енді УЕФА-ның стандарттарына толықтай сәйкес келеді. Жабынды ауыстыру жұмыстары барысында нысанға 6 мың текше метрге жуық инертті материалдар әкелінді, төсеу жұмыстарына 22 жұмысшы тартылды.     

Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Ринат Ибрагимовтың айтуынша, бірнеше жыл жатқан бұрынғы табиғи газон беті тегіс емес және басқа да олқылықтарына байланысты футболшыларға қолайсыз болған еді. Енді, инновациялық жабынның арқасында атыраулық спортшылардың ойын сапасы айтарлықтай жақсаруы тиіс. Спорттық нысанда болған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осындай сенім білдірді.

IMG 20190507 WA0027

— Стадионның жабынын ауыстыру жұмыстары уақтылы және сапалы аяқталуы тиіс. Футболшылардың жаттығуы және халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуі үшін лайықты орын болуы керек. Біздің спортшыларымыздың ойын сапасы алаңның сапасына тікелей тәуелді, команданың турнирлік кестеде жылжуы да осыған байланысты ,– деді облыс әкімі мердігерлерге.

Атап өтейік, «Мұнайшы» стадионы 1950 жылы ашылған, сыйымдылығы – 8 690 адам. Газоны жаңартылғаннан кейін стадионның аумағы 110 да 70 метрді құрап, УЕФА-ның стандарттарына сәйкес болады.

«Аtr — Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button