
Атырауда мұнай өнімдерін тасымалдайтын көлік аударылды
Бүгін, 17 сәуірде кешкі сағат 19:00 шамасында Атырау қаласының “Көктем” шағынауданы маңында КамАЗ маркалы көлік тас жолдан шығып, жол жиегіне құлады. Көлікте мұнай өнімдері тиелген цистерна болған. Апат салдарынан цистернадан мұнай өнімдерінің төгілуі тіркелді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, жарылыс пен өрттің алдын алу мақсатында кезекшілікке тартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы көбік шашу жұмыстары жүргізілді.

-Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары сағат 22:50-де толық аяқталды. Аталған оқиға орнына департаменттің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды, — делінген баспасөз хабарламасында.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА