ЖаңалықтарЭкология
Атырауда мұнай өнімдерімен ластанған аумақ тазартылады
Атырау қаласында мұнай өнімдерімен ластанған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылады.
«Қазақпарат» хабарлағандай, облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір станция аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып, ластанған топырақ пен қалдықтарды бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады. Аталған мерзімге дейін станция аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланатын болады» — дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.