Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ән фестивалі өтті 

Атырауда мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың  арасында «Біз — бақытты жандармыз» атты ән фестивалі өтті. 

643f6c9a 5f5b 4dda 8e69 fc1ad5371284

Ән байқауын қала әкімінің орыбасары Нұржан Ермұханов сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

«Халықаралық мүмкіндігі жектеулі жандар күніне орай қала әкімдігінің мұрындық болуымен осындай керемет мерекелік шара ұйымдастырылып отыр. Дәл қазір сахнаға шығып өз өнерлерін көрсеткелі тұрған дархан мінезді, кең жүрек азаматтарымызды мүмкінді шектеулі деудің өзі артық. Өмірге деген құштарлығын, махаббатын әнмен әуелетіп, өнерімен өрнектегелі тұрған қатысушыларымызға зор ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Өйткені, олардың өнері тыңдарманға ерекше әсер сыйлайды деген сенімдеміз. 

«Қуана білмегенге құт қонбайды, бағалай білмегенге бақ қонбайды» деген, осындай қуанышты сезіммен өз өнерін ұсынғалы тұрған өнерпаздарға қалың көрерменнің ыстық ықыласынан артық сый жоқ  деп білеміз, — деді қала әкімінің орынбасары. 

Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатына ұйымдастырылған шарада кәсіби деңгейдегі әнші мен мүмкіндігі шектеулі өнерпаз қосылып ретро және еркін тақырыпта 2 әннен шырқады. 

cff74291 82e1 42e1 a3e9 053228e39bd5

Шара жоғары деңгейде өтті.  Қатысушылардың ән таңдауы, орындауы, сахна мәдениеті олардың жан-жақты дайындығын байқатты.  

Нәтижесінде өнерлі  жұптар «Ақжайық  үні», «Ерекше дауыс», «Дархан дала дауысы», «Қоңыр үн», «Шалқыма дауыс», «Жас әнші», «Көрермен көзайымы» аталымдары бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button