20191221 120343 scaled

Атырауда мұғалімдер арасында «Көңілді старт» спорттық эстафеталық шарасы өтті

Жаңалықтар

Atr.kz/8 қаңтар, 2020 жыл.  Атырау қаласындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері арасында «Көңілді старт»  спорттық эстафеталық  шарасы өтті.  

Мектеп оқушыларының  қысқы демалысы кезінде өткізілген бұл  жарыс ұстаздарды ұжымшылдыққа, ортақ мақсатқа жұмыла білуге баулып қана қоймай, балғындарға білім нәрін сіңіріп жүрген жандарды күнделікті өмірде саламатты өмір салтын ұстануға шақырды.

«Барыс», «Қыран», «Достық», «Ұлағат», «Жалын» атты командалар болып жасақталған эстафеташыларға  бәсеке алдында мектеп директоры Жазықбай Асанов сәттілік айтып, сайыста шын мықты жеңімпаз болуын тіледі.

Жарыс барысында  мұғалімдер бір-біріне таяқша жалғастыру, таяқтың екі ұшын жерге тигізу арқылы қозғалу, себетке доп лақтыру, белгіленген жерге доп үстінде секіре жетіп, мақалды аяқтау, секіргіш жіппен жарысу, арқан тартыс тәрізді ойын түрлері бойынша өзара сынға түсті.

Қорытындысында  ең көп ұпай жинаған «Қыран» тобы – бас жүлде, «Достық» – бірінші,  «Ұлағат» – екінші, «Барыс» және «Жалын» командалары үшінші орын иемденді. Барлық жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар табысталды. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

20191221 111934
20191221 113233

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған