Атырауда ММА спортынан республикалық турнир өтті (+ФОТОРЕПОРТАЖ)
Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Атырау облыстық ММА федерациясы Атырау облысы әкімінің жүлдесіне орай ұйымдастырған алғашқы республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Оған Астана, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан он салмақ дәрежесінде алпысқа жуық спортшы қатысты. Сайыстың ашылуында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Біріккен ММА федерациясының бас директоры Валиxан Тен және облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Ерлан Хисметұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Соңғы кезеңде жас спортшылар грепплинг және ММА спорттары бойынша жолдастық кездесу өткізді. Ағымдағы жылы алғаш рет ММА спортынан біріктірілген ел чемпионаты өтіп, Атырау облысының үш спортшысы ұлттық құрама мүшесі атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі спортшылар жеңімпаз атанды:
52,2 кг: Ерұлан Қабдулов (Каштенбай).
56,7 кг: Мейрамбек Құттығұлов (Чемпион).
61,2 кг: Әліби Ідіріс (Еркін Күш).
65,8 кг: Наурызбай Тынышбай (Атырау Топ Тим).
70,3 кг: Аманбек Бекмұратұлы (Атырау Топ Тим).
77,1 кг: Әбілхайыр Орынғалиев (Чемпион).
83,9 кг: Аңсар Қасанжанов (Қарағанды).
Әнел ҚАЙЫРЛЫ