Атырауда металл қалдығын өткізіп, табыс табуға болады
Атырауда түрлі түсті металл, қара темір, тоңазытқыш, аристон, желдеткіш сынды құрамында металл, мыс, алюминийі бар тұрмыстық қалдықты қабылдайтын орталық жұмыс жасауда.
«Бірнеше жылдан бері қызмет етіп келе жатсақ та, тұрғындар тарапынан сұраныс аз», — дейді орталық қызметкері Бақытжан Сапармұхаммедұлы.
«Бұл жерде әр адамның экологиялық ахуалды реттеп, стихиялық қоқыстың көбеймеуіне үлес қосуы маңызды. Жиналған тұрмыстық қалдықты Шымкент қаласына, одан әрі Қытай еліне жөнелтеміз. Қайта өңдеп, балқытып, жаңа өнім жасап шығарған Қытайдан дайын өнімдерді өзіміз кері сатып алып отырмыз», — дейді Б.Сапармұхаммедұлы.
Айта кету керек, қабылдау пунктінде металл — -40-45 тг, алюминий — 500 тг, мыс 3300 теңге мөлшерінде қабылдануда. Пункт аптасына жеті күн жұмыс істейді.
Байланыс нөмірі: 8775 754 2020.