Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда мешітте тәртіп бұзғандарға 408 мың 380 теңге айыппұл салынды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы «Абдолла Хазірет» мешітінде таң намазы кезінде  3 бірдей тұлға  «Әумин» сөзін дауыстап айтқан.

Мешіт имамының намаз алдында намаз кезінде  «аумин» сөзін қатты айтуға болмайтындығы туралы ескертпесіне қарамастан  Ақтөбе қаласының 1992 ж.т., 1996 ж.т. және 1998 ж.т. тұрғындары мұндай қадамға барған. Бұл жөнінде мешіт имамы полицияға хабарлама түсірді. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 490 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып,  айыппұл салынды.

Сонымен қатар, аталған үштік Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының «деструктивті діни ағым жақтаушысы» ретінде тізімдік есепте тұрғаны белгілі болды.

Осыған ұқсас оқиға Индер ауданында орналасқан «Әйіп-Қажы»   мешітінде орын алған.  Орал қаласының 28 жасар тұрғыны кешкі намаз уақытында «Әумин» сөзін дауыстап айтқан. Аталған құқықбұзушылыққа қатысты ҚР ӘҚБтК 490 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 102095 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы ескертеді: ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу бабына  сәйкес, мешітке келушілер, оның талаптары мен ережелерін сақтауға міндетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button