Атырауда мешіт жамағаттары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті (+ФОТО)

2002 60 Жаңалықтар

Atr.kz/11 наурыз. 2019 жыл.  Мұнайлы өлкенің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырауда мешіттің жастар жамағаттары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті.

Атырау қаласына қарасты жеті мешіт жамағаттары және «Иманғали» орталық мешітіне қарасты медресе шәкірттері қатысқан спорт бәсекесінде 20 – 30 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынасты.

943ed58edb47158aa08fdf5878cd784e M 1


Тартысты өткен бәсекеде бірінші орын орталық «Иманғали» мешітінің командасына бұйырды. Екінші және үшінші орындарды Қызылбалық мешіті мен Мәулімберген мешіті командалары өзара бөлісті.

Волейболда 8 команда бақ сынасты

Айта кетелік, спорттық бәсеке жастар жылына орайластырылып ұйымдастырып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша Жастар секторының бастамасымен өткізілген шара кезінде Мақсат Өтепқалиев, Айтқали Жарылғап, Нұрмахан Қаршығаев және Аян Қайырлиев есімді ойыншылар үздік деп танылып, арнайы түрде марапатталды.

2002 13
2002 14
2002 15
2002 16
2002 17
2002 19
2002 21
2002 24
2002 25
2002 29
2002 34
2002 35
2002 60
00

Дереккөз: islam-atyrau.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз