Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда (+ВИДЕО, ФОТО)
Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Тутұғыр мен 112 шаршы метрді құрайтын мемлекеттік рәміздер алаңы ағымдағы жылы қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тудың көлемі 14,5-те 29 метрді құрайды. Оның артында мәрмәр тастан жасалған сәулет композициясы – Қазақстан картасы, қоладан жасалған барыс пен колоннада орналасқан. Сондай-ақ, құрылымның екі жағына екі иллюзиялық субұрқақ, жарықтандыру орнату және екі гектар жерді көгалдандыру көзделген.
— Қазіргі уақытта біз бетон бөлігіне көшудеміз, инженерлік коммуникацияларды жүргізіп жатырмыз. Құрылыс үшін бетон және топырақ қолданылады, төсеу жұмыстарына гранит және мәрмәр қолданылады. Жұмыстарды аяқтау мерзімі — ағымдағы жылдың соңы, — дейді «Кастатор» ЖШС жобалық инженері Асхат Әлианов.