Атырауда мемлекеттік қызметшілер қатары артты
Atr.kz/1 қараша, 2019 жыл. Атырау облысында ағымдағы жыл бойынша жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 1733 болса, нақты жұмыс жасайтыны — 1596.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті, мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Шолпан Қайненованың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда нақты мемлекеттік қызметшілер саны 1567-ден 1596-ға дейін өсіп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан оқытудан өтіп жатқандар бар. Олардың 96-сы биылдың үшінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан. Ал, 22-сі басшылық лауазымға алғаш тағайындалған.
Сондай-ақ, біліктілігін арттыру семинарынан 455 мемлекеттік әкімшілік қызметші өтіп отыр.