Атырауда мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі іске қосылды

e1516623507403 Жаңалықтар

Atr.kz/17 мамыр, 2019 жыл. Қызметкерлерге қамқорлық жасау – қызметкерлердің тиімділігін және қайтарымдылық әсерін арттыруға ұмтылатын кез келген жұмыс берушінің басымдықтарының бірі. Мұндай құндылық табысқа қол жеткізген шетелдік мемлекеттік органдарға да тән.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, Агенттіктің пилоттық режимдегі жұмысының жаңа графигі енгізілген болатын. Қазіргі уақытта, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінде жұмыс күні таңертең сағат 8.30-да басталады және сағат 17.30-да аяқталады. 

Көптеген еуропалық елдерде кеңселер таңғы сағат 7.00 – 8.00-де ашылады. Қызметкерлер үйлеріне Ұлыбританиядай сағат 17.00-де, ал Швейцариядағы сияқты сағат 16.00-де қайтады. Мемлекеттік қызметшілердің түскі асына небәрі жарты сағат бөлінеді. Біздегі түскі ас уақытындағы үзіліс бір жарым сағатты құраған болатын. Қазіргі таңда Агенттіктің шешіміне сәйкес, түскі ас уақытына бір сағат берілді.

Осылайша, біз қысқартылған түскі үзілістің қысқартылуымен және жұмысқа шығатын уақытты жарты сағатқа шегере отырып, 8 сағаттық график сақталады. Қызметкерлер болса, белгілі бір артықшылықтарға ие болады.

Біріншіден, егер жұмысқа сағат 9-да емес, сегіз жарымда келетін болса, жолда көлік кептелісі аз. Екіншіден, жұмыстан сағат 17.30-да шығатын болса, жеке өмірін барынша тиімдірек үйлестіруге болады – отбасына көбірек көңіл бөліп, балаларымен бірге уақыт өткізіп, оларды үйірмелерге апарып, серуендей алады. Кешкілік уақытта тіл үйрену курстарына немесе спорт залдарына баруға болады, яғни, өзін-өзі дамытуға және кәсіби жетілуге жеткілікті уақыт бөліне алады. Кейбіреулер саяжайға барып, бақтар мен бақшаларын күте алады. 

Қызметкерлер риза болса, олардың отбасылары да бақытты деген сөз. Ал, жадыраңқы көңіл-күй ынталандыруға және жұмыстағы тиімділікке міндетті түрде ықпал етеді. 

Әзірге мұндай режим Агенттікте ғана енгізілуде. Бұл пилоттық жобаның қорытындылары туралы Агенттік тарапынан міндетті түрде хабардар етілетін болады. Сынап-байқау сәтті өтетін болса, осындай графикті басқа да мемлекеттік органдарға ұсынылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
Атырау облысы бойынша департаменті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз