Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атырауда мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің І республикалық слёті өтті

Іс-шара мектепке дейінгі білім беру мекемелері, колледждер және жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты орнату және мектепке дейінгі білім беру мәселелерін талқылаумен ерекшеленді. Аталған жиынға 430-ға жуық педагог қатысуға өтінім білдірген. Олардың жартысы онлайн қалғаны офлайн түрінде тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

-Бүгінгі күнде университеттермен жұмыс істеп бастау керек, тәрбиешілерді дайындаған кезде халықаралық стандарттарға сәйкес бағдарламалар мен лаборатория құрып, тәжірибе жинап, балаларды дұрыс оқытып дамыту процесін ұйымдастыру қажет. Өтіп жатқан республикалық іс-шара осының бастамасы. Балаларды оқыту кезінде тек партаға отырғызып қана қоймай, сонымен қатар сабақ ойын түрінде де өткізілуі тиіс. Сол кезде балалар ойнай отырып, жан-жақты дамиды,- деді мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық сарапшы Гаухар Киикова. 

Өз кезегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы, ректор Саламат Идрисов өзі басшылық ететін оқу орны мен балабақшалардың арасындағы байланыстың маңыздылығын атап өтті. 

574e1 9dda 4e24 9ef1 a103414d013d

— Жалпы жоғары оқу орындарында бірінші курсқа келгеннен бастап әр ай сайын міндетті түрде тәжірибелерін жетілдіреді. Екіншіден, осы мамандықты бітірушілердің болашақта міндетті түрде сол балабақшаға жұмысқа орналастыруына үлкен жағдай жасалынады. Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелер тарапынан оларға қосымша қаржы төленеді. Яғни олар білімін тәжірибе жүзінде өтіп қоймай, қосымша табыс табуға мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда өңірде жаңадан балабақшалар ашылып жатыр, сондықтан  мамандарға мен тәрбиешілерге сұраныс көп, — деді С.Идрисов.

Айта кетейік, слётке қатысушылар «Педагог кәсіби стандарты – нормативтік құқықтық құжат», «Сапалы балабақша — халықаралық стандарт», «Мектепке дейінгі білім беру сапасы», «Сапалы балабақшада жағдай жасау», «Педагог — тәрбиеші және мектепке дейінгі білім беру әдіскері», «Балабақшадағы қауіпсіздік», «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі трансформация» тақырыбында баяндама жасап, пікір алмасты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button