
Жаңалықтар
Атырауда мектеп асханаларынан зиянды өнімдер алынып тасталды
Жаңа оқу жылынан бастап Атырау облысындағы мектеп асханаларында газды сусындар мен тәттілер сатылмайды. Оның орнына оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай құнарлы тағамдар ұсынылады.

Мысалы, ет порциясы 7–10 жастағы балаларға – 70 г, 11–15 жас аралығында – 90 г, ал 16–18 жастағыларға 100 г мөлшерінде беріледі. Көкөніс пен қосымша тағамдар — 130–180 г аралығында. Сонымен қатар балаларға 200 мл итмұрын сусыны, алма немесе маусымдық жемістер, сондай-ақ 30–50 г қара бидай және бидай наны ұсынылады.
Бір реттік тамақтанудың орташа құны – 720 теңге.
