Атырауда медавиация күштері бір жылда 200-ден астам адамның өмірін сақтап қалды

220125103154911a3890350i Жаңалықтар

Былтыр Атырау облысында медициналық авиацияның мобильдік бригадалары 105 рет шақырту бойынша ұшып, облыстық медициналық ұйымдарға 108 пациент тасымалдады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Аудандық ауруханалар жағдайында 7 операция орындалды, 5 бетпе-бет кеңес берілді және 118 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Жер үсті көлігінің көмегімен 90 науқас медициналық мекемелерге жатқызылды. Соның ішінде аудандық ауруханалар жағдайында 14 операция жүргізілді. Сондай-ақ, 15 бетпе-бет кеңес, 771 телефон және видеокеңес ұйымдастырылды. Шақыртуларға талдау жүргізу барысында аймақта қан айналымы жүйесінің аурулары алдыңғы орында.

Медавиация дәрігерлері Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Жылыой, Исатай, Махамбет және Мақат аудандарына қызмет көрсетеді. Медициналық авиация желісі бойынша облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсету кезінде облыстық аурухананың, №2 облыстық аурухананың, облыстық перинаталдық орталықтың, облыстық кардиоорталықтың, облыстық балалар ауруханасының және қалалық перзентхананың медициналық мамандары белсенді қатысады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз