Қарыз қалай кешіріледі?

photo 106024 Жаңалықтар

Atr.kz/14 шілде, 2019 жыл. Жақында ел Президенті «Қазақстан Республикасы азаматтарының бо­рыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Мұнда үш негізгі бағыт қамтылып отыр.

 – Осы Жарлықты іске асырудың бірінші бағыты басты мәселені қамтиды. Ол екінші деңгейдегі банктер­де және микроқаржылық ұйымдарда азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде өтеуді көздейді, – деді Ұлттық банк Атырау филиалы директорының орынбасары Серік Омаров.

Оның айтуынша, берешек сомасы биылғы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн. теңгеден аспауы тиіс. Ұлттық Банк Үкіметпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп, белгіленген өлшем шарттарға сәйкес келетін адамдар тізбесін жасақтай ба­стады. Олардың берешегінің жалпы мөлшерін анықтау жұмысы жүріп жатыр. Үкімет «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ына (Оператор) республикалық бюджеттен нысаналы түрде қаражат

 бөледі. Бұдан кейін опера­тор азаматтардың жекеле­ген санаттарының кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешегін өтеу үшін екінші деңгейдегі банктер­мен және микроқаржылық ұйымдармен шарттар жаса­сады.

– Екінші бағыт ел азаматта­рына кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есеп­телген айыппұлдар мен өсімпұл сомаларын есеп­тен шығаруды көздейді. Ұлттық банк банктермен және микроқаржылық ұйымдармен бірлес і п , кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есеп­телген айыппұлдар мен өсімпұлға биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салысты­рып тексеру мен тіркеуді жүзеге асырады, – деді Серік Омаров.

Есептелген айыппұлдар мен өсімпұлды есептен шығару бірінші кезекте банктердің және микроқаржылық ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырыла­ды. Есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы көлемінің 30 пайызынан аспайтын сома Ұлттық банк айқындаған оператордың қаражаты есебінен өтеледі. Бұл мақсаттар үшін Ұлттық банк операторға қажетті қаржыны бағыттайды. Банктердің және микроқаржылық ұйымдардың айыппұлдар мен өсімпұлдар бойын­ша айтарлықтай бөлігі шығыстар ретінде танылады. Олардың жүйеден тыс есеп­тен шығарылғаны ескеріле отырып, қаржыландырудың түпкілікті сомасы танылған шығыстардың сомасына азайтылатын болады. Екі жағдайда да қарыз алушыға банкке, микроқаржы ұйымдарына немесе басқа ұйымдарға өтініш беру та­лап етілмейтінін атап айтты Серік Омаров.

Тың бастаманың жаңалығы – тұрғындардың Ұлттық банк алдында есеп беретін екінші деңгейлі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы қарызының өтеуі. Интернеттегі не­сие берушілер, кредиттік серіктестіктер, ломбард­тар кіретін реттелмейтін сектордағы азаматтардың қарызы жабылмайды. Де­генмен, Жарлықтың үшінші бағыты қарыз алушыларды қосымша қорғау бойынша реттеуші сипаттағы бірқатар шаралар кешенін көздейді.

Сенат биылғы 24 ма­усымда барлық несие­леу субъектілерін реттеу мен қадағалауды енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» Заңды қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынды. Заңға таяу уақытта қол қойылатын болады.

– Қаржылық ұйымдарға қатысты қосымша реттеушілік шаралар қабылданады. Біріншіден, мерзімі өткен, берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша несиені берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу. Бұл азамат­тарды берешек сомасының тұрақты өсуінен қорғауға мүмкіндік береді, – деді Ұлттық банк Атырау фили­алы директорының орынба­сары Серік Омаров.

Енді табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға қарыздар беруге тый­ым салу ойластырылу­да. Қарыз алушының бо­рыш жүктемесін есептеу тәсілдерін жетілдіру, банк капиталына қосымша талап­тар сияқты қосалқы шаралар қарастырылады. Осылайша, қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға нақты көмек көрсетіледі.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз