Жаңалықтар
Атырауда Мәуліт кешінде мешіт тазалықшысына қажылыққа жолдама берілді
Атырауда «Мәуліт» рухани кешінде мешіт тазалықшысы Гүлбаршын Сағынбековаға қасиетті қажылық сапарына жолдама табыс етілді.
Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде ұзақ жылдардан бері тазалықшы болып еңбек етіп жүрген Гүлбаршын Сағынбековаға қажылыққа жолдаманы Атырауға арнайы сапармен келген наиб мүфти Ершат Оңғаров табыс етті.
«Қажылық – мұсылмандар үшін сабыр мен талпынысты үйрететін мектеп. Қажылық мектебі үздіксіз ғибадат жасату арқылы нәпсінің тізгінін тартып ауыздығын салады, мұсылман бауырларды бір-бірін сыйлап, сыпайылық танытуға үйретеді. Осынау керемет сапарға Алла қалаған адам ғана бара алады» деп атап өтті наиб мүфти Ершат Оңғаров.