Атырауда мас күйде көлік басқарған жасөспірім анықталды
17 ақпан күні сағат 03:58 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Атырау қаласы, Сәтпаев көшесінен маркасы “Lada X-ray” автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде, көлік жүргізушісінің 17 жастағы кәмелет жасқа толмаған жасөспірім екендігі анықталған.
Одан бөлек, жасөспірімнен алкогольдік ішімдіктің иісі сезілген соң, медициналық сараптамаға жеткізіліп, сараптама қорытындысына сәйкес оның жеңіл дәрежелі масаң күйде екендігі белгілі болған.
Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, жасөспірімге қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен ( Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен анасына 21 440 теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Атырау облыстық ПД»