Жарнама
БілімЖаңалықтарҚоғам

Атырауда «Марс» инклюзивтік дамыту шеберханасы ашылды

Atr.kz/10 қыркүйек, 2019 жыл. Атырауда  15-16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге арналған «Марс» инклюзивтік дамыту шеберханасы ашылды.

Енді  ерекше балалар іс тігіп, гипстен мүсіндер жасауды, қолөнерді үйреніп қана қоймай, әлем тілдерін, smm курсын да тегін оқитын болады.

Қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етілген орталық балаларды шеберлікке шыңдап, болашақта қоғамның өзге мүшелері секілді өз беттерінше еңбек етіп, табыс табуына жол ашады. Ал, аталмыш жобаны жүзеге асырушы «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жылдың үздік ұйымы» номинациясын иеленген – «Жүректен жүрекке» қоры. Қор жетекшісі Гүлбарам Ермұханова да – мүмкіндігі шектеулі баланың анасы.     «Менің өзіндік әлемі бар, ерекше балам бар. Оның дені сау адамдардай толыққанды өмір сүруі үшін осыдан екі жыл бұрын бүгінгі жобаны қолға алған едік. Әрине, ешнәрсе оңайлықпен келмейді. Нәтижесі бүгінгі – шеберханамыз. Ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін бұл орталықтың маңызы зор. Балаларымыз ендігі уақытта күні бойы үйде отырмайтын болады. Ал, ең бастысы, бұл тегін. Бізге қолдау көрсеткендерге ризашылығымыз шексіз!» — деді ол. Шеберхананың ашылу шарасына қатысқан «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас

шысы Әйгерім Досқалиева «Жүректен жүрекке» қоры биыл Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорынан 2 млн. 850 мың теңге грант ұтып алғанын айтты. «Шеберхана осы қаржы есебінен жүзеге асып отыр. Жөндеу жұмысын демеушілер мен еріктілер жүргізді. Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмыс жасап жатқан үкіметтік емес ұйымдар көп. Мемлекетіміз әлеуметтік кәсіпкерлік саласын дамытуға бағыт беріп отыр, — дейді ол. «Марс» шеберханасы Ерниязов көшесі, 16, «Ренессанс» қонақ үйі жанындағы бес қабатты үйдің цоколды қабатында орналасқан. Байланыс нөмірі: 8701 550 86 79 Айта кетейік,  өткен жылдың сәуір айында 5 пен 15 жас аралығындағы ерекше балаларға арналған «Венера» инклюзивті орталық ашылған болатын. Онда балалармен аптаның бес күнінде төрт сағаттан дефектолог, психолог, логопед мамандары айналысса, АВА-терапия, арттерапия, ЛФК, массаж қызметтері де қарастырылған. Бүгінде аталмыш орталыққа 18 бала қатынап жүр.

1 1
1 2
1 3
1 7
Фото — Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Мәлике  ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button