
Жаңалықтар
Атырауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғындар табылды
9 наурыз күні сағат 11:30 шамасында мал іздеуге шығып, байланысқа шықпаған 1969 және 1965 жылдары туған тұрғындар табылды.
Оларды Атырау облысы ТЖД қызметкерлері ТРЭКОЛ автокөлігімен 2023 жылғы 10 наурызда сағат 13:25-тен бастап Атыраудың Алғабас селосынан 50 шақырым қашықтықта іздестірді.
10 наурызда сағат 17.23-те іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
«Сағат 17:47-де Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жоғалған азаматтарды тауып, қауіпсіз аймаққа жеткізіп, туысқандарына тапсырды. Азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді», — деді Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.