Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда майонездің ішіне есірткі салып, тергеу изоляторына өткізбек болған адам ұсталды

Атырауда ер адам майонездің ішіне есірткі салып, тергеу изоляторына өткізбек болды.

«Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты УГ-157/1 мекемесінде күзетпен ұсталынып отырған күдікті А. Д-ға азамат Т. Н-дан сәлем-саухат акелу кезінде екі «Три желания» майонезінің ішінен фальгага оралған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәрізді зат тәркіленді. Мән-жайды анықтау мақсатында Атырау қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген заттар сот химиялық сараптамасына анықтау мақсатында жолданды. Күзет және режим бөлімінің қызметкері А. Рахмановтың тиянақты жұмысының арқасында Заң бұзушылыққа жол берілмеді» делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

ATPress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button