WhatsApp Image 2019 07 14 at 17.45.17

Атырауда көп мөлшерде жаңбыр жауды

Жаңалықтар Шаһар шырайы Экология

Atr.kz/14 шілде, 2019 жыл. Қазіргі уақытта қала көшелерінде 19 арнайы техника жұмыс жасауда, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер дамылсыз қызмет көрсетуде. Кәзіргі уақытта қаладағы жауын шашын суларын соруға «Атырау су арнасы» МКК-нің 10 және «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-ға қарасты 9 арнайы техникалары жұмылдырылған.

– Бүгін сағат 14:00-17:00 аралығында «Атырау Су арнасы» мекемесі 285 тонна су сорып, жұмыстар әлі де жалғасуда деді қала әкімінің орынбасары Ш. КЕЙКІН.

«АрнаулыАвтоБаза» ЖШС қызметкерлері көмегімен 376 текше метр су сорылған.

WhatsApp Image 2019 07 14 at 17.45.17 1

Қалалық ТКШ басшысы Қ. Қасымовтың айтуынша жауын шашын салдарымен күресуге «Каспийдормостострой» ЖШС 3 цистерна камаз көліктерімен қосымша көмектесуде.

– Жауын шашын суын сору күндіз түні жалғасатын болады, – деп хабарлады Қ. ҚАСЫМОВ.

WhatsApp Image 2019 07 14 at 17.45.16

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған