Атырауда лифтісі бар жаяу жүргінші көпірі салынады
Atr.kz/ 11 сәуір, 2019 жыл. Бұндай көпір Сәтпаев көшесі бойында, музыкалық академия мен халыққа қызмет көрсету орталығы маңында тұрғызылады.
— Халық көп жүретін жерлерде осындай көпірлер салу жөнінде тапсырма бердім. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ, егде адамдар мен балаларымен жүрген ата-аналарға қолайлы болуы үшін оларда лифт орнатылуы тиіс. Жобаның барысы қалай?,- деп өңір басшысы Нұрлан Ноғаев әкімдіктегі кеңесте сауал қойды.
— Жаяу жүргінші көпірінің конструциясына тапсырыс берілді, жоспарға сай оны жыл аяғына дейін орнатамыз. Бастапқыда жобада лифт қаралмаған болатын, бірақ біз оны жобаға енгіземіз,- деп жауап берді Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.
Бірнеше жаяу жүргінші көпірінің құрылысын салу жоспарланып отырғанын әкімдік алғаш рет 2016 жылы мәлімдеген болатын. Түрлі себептермен жобаны іске асыру созылып келеді.
Дереккөз: «Atpress.kz»