Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан серіктестік анықталды

Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында серіктестіктің заңсыз қызметіне қатысты ҚР Әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабының 1-бөлігі (Лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) іс қаралды.

– ️ҚР «Білім туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына сәйкес, білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия және рұқсаттың болуы талап етіледі. Алайда ЖШС-нің 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап лицензиясыз және тиісті рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысып, 2024-2025 оқу жылына 318 оқушыны қабылдағаны анықталды. ЖШС-нің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны іс-материалдарымен дәлелденді, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен ЖШС-ға ҚР Әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабының 1-бөлігімен 64 610 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл – салынған айыппұлдың жалпы сомасының 30 пайызы.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2 балабақша есепшілері бюджет қаржысын жеке есепшотқа аударып жібергенін хабарлаған болатынбыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button