Атырауда күшейтілген режимде дезинфекция жүріп жатыр
Atr.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде.
25 наурыздан бастап арасында Атырау да бар, еліміздің бірнеше ірі қалаларында халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы әкімдігі Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастады.
Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізуде. Олар жұмысқа АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдаланады.
Ертең алғашқы жұмыстар төрт жерде атап айтқанда, теміржол вокзалы, автовокзал мен әуежайдың маңайы сонымен қатар, «Исатай-Махамет» алаңдарын дезинфекциялаудан басталады. Жұмыс күнделікті таңғы сағат 09.00-ден кешке сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.
«Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдалануда. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз» делінген хабарламада.