Атырауда ксенон лампасымен жүрген автокөліктерге айыппұл салынып жатыр
Өткен аптада облыс орталығында кезекті «Ксенон»жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп, ондаған көлік анықталып, жүргізушілері жауапкершілікке тартылған болатын.
Олар көліктерінің жарық беретін қондырғыларын алып тастап, орнына Ксенон, лед лампаларын тағып алып, жол қозғалысы қауіпсіздігін ережелерін бұзып, яғни өзгелерге апатты жағдай тудыратындар.
Жедел шара аяқталғанмен, полицейлер күнделікті патруль кезінде ксенон таққандарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Патрульдік полицейлер қалада тек бір сағат ішінде ғана осындай төрт көлікті тоқтатты.
Кешкі 20.35 шамасында Сатпаев көшесінде Toyota Land Cruiser
автокөлігінің 18жастағы жүргізушісіне қатысты ҚРӘҚБтК-нің 590 бабы 5 бөлігімен ( сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейді) әкімшілік хаттама жасақталып, 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сағат 20:45 шамасында Атырау ықшам ауданындағы дүкен тұсында тоқтатылған Toyota көлігіне Ксенон қондырған 1992 ж.т., жүргізушісіне, сағат 20:47 шамасында Азаттык-Әуезов көшелері киылысында Ваз 2114 автокөлігінің де жарық қондырғысы ксенон болып шықты.
26 жастағы жүргізуші жігітке қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, оған да 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, ксенон қондырғысымен жүрген көліктерді анықтап, жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғаса бермек.