Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда көші-қон заңдылықтарын бұзған 3500-ден аса тұлға жауапкершілікке тартылды

Атырауда жыл басынан бері көші-қон заңдылықтарын бұзған 3500-ден аса тұлға жауапкершілікке тартылды.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері облыста 18985 шетелдік уақытша тұруға рұқсат алды, оның ішінде алыс шетелден келген 2676, 16309 ТМД елдерінен келген шетелдіктер.

Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін 3555 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 80 шетелдік еліміздің аумағынан тысқары шығарылды.

Осы жылдың есепті мерзімінде ҚР ҚК 392, 395, 394-баптары «ҚР шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту, Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша 6 факті тіркеліп, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Есепті мерзімде облысқа келген шетелдіктер тарапынан 5 қылмыс жасалса, шетелдіктерге қатысты 21 қылмыс жасалды. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын 5117 шетелдік есепте тұрса, барлығы 215 шетелдік есепке қойылды. Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен 200 тұлға қабылданды. Жалпы облыста көші-қон ахуалы тұрақты. Көші-қон мәселелері бойынша облыстың атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралары жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған», — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жыл басынан бері көші-қон қызметі бөліністерімен мемлекеттік қызмет көрсетудің 12 түрі бойынша 84 528 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button