whatsapp image 2020 08 17 at 12.30.03 1

Атырауда короновирус індетінен жазылып шыққандар 93 пайызға жетті

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. «Өткен тəулікте 390 адам коронавирустан жазылып шықты»  деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр.

Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 1219 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

Айта кетелік, Атырау облысында ресми статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны —10717. Олардың 10 002-сі жазылып шықты. Ал облыстағы карантиндік стационарлар толықтай жабылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған