Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. 1965  жылғы ер адам  провизорлық стационарға түскенге дейін ауырып, бес күн өткен соң ғана емхананың  медициналық қызметіне  жүгінген.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек,  ер адамда интосикация синдромы мен тыныс алу жолдарының жетіспеушілігі болған.  Соның салдарынан ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы  ауырлаған.

Ал, қауіпті індеттен  қайтыс болған екінші ер адам  —  1963 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны. Қабылдау кезінде бұл науқаста да интоксикация синдромы, тыныс алу жеткіліксіздігі анықталған.  Дәрігерлердің  барлық реанимациялық және емдік шараларды жүргізгеніне қарамастан,  жағдай жақсармады.

Науқастардың  қорытынды диагнозы: КВИ, екі жақты полецегменттік пневмония.

«Атырау ӨКҚ»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button