
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда коронавирустан 1031 адам айықты
Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Теңіз кенішінің тағы 16 жұмысшысы инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін, 19 маусым күні өңірде он алты адамның COVID-19 індетінен айықққаны белгілі болды.
— Теңіз кенішінің он алты жұмысшысынан алынған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. 14 ер адам мен екі әйел адам инфекциялық стационардан шығарылды, — дейді денсаулық сақтау басқармасынан.
Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1031 адамға жетті.